Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ұжымда Президент мақаласын талқылау

2018 жылдың 30 қарашасында Лисаков  Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының қызметкерлері Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры"мақаласының мазмұны жан-жақты талқыланды.

          

Қазақстан жерінің ежелгі дәуірде металлургияның пайда болу орталықтарының бірі болғаны туралы мақаланың тезисі Лисаков мұражайының экспозициясында да көрініс тапқан.  Ежелгі дала тарихы залында б.з.д. XVII-XV ғғ. мерзімі көрсетілген артефактілер ұсынылды. Ежелгі андроновтар тайпалары қола дәуірінде Орта Еуразияда мекендеген, метал шеберлері мен зергерлер болған. Мұражайдың киелі бөлмесінде алтын мен қоладан жасалған әдемі әшекейлерді көруге болады.